jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Конституцияға сөз бостандығына қатысты өзгерістер енгізіледі

    Ата заң
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның отырысында депутат Снежанна Имашева шығармашылық бостандық пен сөз бостандығына қатысты Конституцияға түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Шығармашылық бостандық туралы бапқа түзетулер. Ол арқылы зияткерлік меншікті қорғау бекітіледі және мемлекеттік құпия саналатын ақпаратты қоспағанда, ақпараттың кез келген заңды тәсілмен таратылуы мүмкін екенін нақтылайды.

    Сонымен бірге қосымша конституциялық шектеулер енгізілуде: сөз бостандығы басқалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтары жүйесіне немесе қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі керек. Зорлық-зомбылықты, соғысты және алауыздықты насихаттауға және қоздыруға тыйым салу тізімі де кеңейтілуде", - деді депутат.

    Конституцияға сөз бостандығына қатысты өзгерістер енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.