jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысын жария етті

    Ерлан Ақкенженов
    Ерлан Ақкенженов. Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

    Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәжіліс кулуарында бұған дейін тапсырған табыс декларациясында қандай соманы көрсеткенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Брифингте журналист Ерлан Ақкенженовтен бұған дейін тапсырған табыс декларациясын егжей-тегжей айтып беруін өтінді. Министр жалақысынан басқа қосымша табысы жоқ екенін мәлімдеді.

    Журналист министрдің декларацияда көрсеткен табысын өзі айтқан сомасымен салыстырғысы келіп, табыс мөлшерін нақтылап атап өтуін сұрады.

    "Тек жалақы туралы айтатын болсақ, онда айына шамамен 1 млн 200 теңге", - деп жауап берді Ақкенженов.

    Журналист министрден сыйлықақы алған-алмағанын сұрап, одан декларацияда көрсетілген нақты соманы айтуды сұрады.

    "Бізде сыйлықақы төлемдері бар, олардың барлығы көрсетілген. 20 млн теңгеден сәл асады", - деді Ерлан Ақкенженов жылдық табысы туралы. Айтуынша, бұл сомаға тек жалақылары мен сыйлықақысы кіреді.

    "20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысын жария етті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.