"Барынша күш салдым": Тоқаевтың бұрынғы баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазба жариялады
Опубликовано:
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі әрі баспасөз хатшысы қызметінен бостылған Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қадірлі достар! Бүгін осыған дейін атқарып келген президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы қызметін ресми түрде аяқтадым.
Осы кезеңде мемлекет басшысы жүктеген барлық міндетті тиісті деңгейде орындауға барынша күш салдым. Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар алдағы уақытта өз нәтижесін береді деген сенімдемін.
Мемлекеттік қызметті жауапкершілік ретінде қабылдаймын. Болашақта да кәсіби тәжірибемді ел мүддесіне, отанымызды дамытуға пайдаланамын.
Баршаңыздың жылы лебіздеріңізге, алғыстарыңызға рақмет!" - деп жазды Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, алғаш рет Руслан Желдібай Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып 2022 жылғы сәуірде тағайындалды.
Кейінірек Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – президенттің баспасөз хатшысы қызметін қатар алып жүрді.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалып, бұл қызметті 2025 жылғы 17 ақпанға дейін атқарды.
17 ақпанда президенттің баспасөз хатшысы болып қайта тағайындалып, бүгін лауазымынан босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2337099-barynsha-kush-saldym-toqaevtyng-buryngy-baspasoz-hatshysy-ruslan-zheldibai-zhazba-zhariialady/