Жемқорлар депутаттық пен басқа да сайлану арқылы таңдалатын лауазымдарға үміткер бола алмайды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында жемқорлар депутаттық пен басқа да сайлану арқылы таңдалатын лауазымдарға үміткер бола алмайтыны жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы "Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер" туралы екінші бөлімде жазылған.
"Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға, жалпыхалықтық референдумға қатысуға құқығы жоқ.
Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ", - делінген 36 баптың үшінші пунктінде.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2337961-zhemqorlar-deputattyq-pen-basqa-da-sailanu-arqyly-tangdalatyn-lauazymdarga-umitker-bola-almaidy/