jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Халық Кеңесі халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болып бекітілмек

    Конституциялық реформаның алғашқы отырысы
    Конституциялық реформаның алғашқы отырысы. Кадр видеодан: Jibek Joly телеарнасы

    Конституцияның жаңа жобасында жаңа жалпыұлттық диалог платформасы – Қазақстанның Халық Кеңесі құрылатыны, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын жалғастыратыны туралы бап бекітілмек.

    Бұл Қазақстан халқының мүдделерін білдіретін, заң шығару бастамасы құқығына ие жоғарғы консультативтік орган болмақ.

    Аталған өзгеріс Конституцияның VI бөлімі, 70 және 71-баптарында көрсетілген.

    "1. Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.

    2. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады.

    3. Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады.

    71-бап

    Қазақстан Халық Кеңесі:

    1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары;

    қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту;

    Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;

    2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;

    3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді", - делінген Конституцияда.

    Еске салсақ, бүгін, 31 қаңтарда Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Конституциясының жаңа жобасын таныстырды.

    Конституцияның жаңа редакциясының алғашқы жобасы кіріспе, 11 бөлім және 95 баптан тұрады.

    Халық Кеңесі халықтың мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган болып бекітілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.