jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңа Конституция жобасы: қандай жағдайда қазақстандықтар азаматтығынан айырылады

    Қазақстан паспорты
    Қазақстан паспорты. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасында қандай жағдайда қазақстандықтар азаматтығынан айырылатыны көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жаңа Конституциясының жобасында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес берілетіні және тоқтатылатыны, ол берілген негізіне қарамастан бiрыңғай және тең екені жазылған.

    "Қазақстан Республикасының азаматын өз азаматтығынан айыруға, азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерге аластатуға болмайды.

    Азаматтықтан айыруға террористік қылмыс жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін сот шешімімен ғана жол беріледі", - делінген құжатта.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматында қос немесе көп азаматтығы болуына жол берілмейді. Өзге ел азаматтығының болуы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға негіз болады.

    Жаңа Конституция жобасы: қандай жағдайда қазақстандықтар азаматтығынан айырылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.