Тоқаев журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлайды президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Айбек Смадияровтың айтуынша, мемлекет басшысы құттықтауында бұқаралық ақпарат құралдары әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударған.
"Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты", - деп жазды Айбек Смадияров.
Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс пен бақ-береке тілеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2338362-toqaev-zhurnalisterdi-ulttyq-basylym-kunimen-quttyqtady/