jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматының Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Дамир Әкежанов
    Дамир Әкежанов. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматының Түрксіб ауданының әкімі болып Дамир Әкежанов тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, Дамир Әкежанов бұған дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

    Алматы мәслихатына кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне және қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетініне тоқталған.

    "Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі және мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы бар", - деді қала басшысы.

    Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдаған.

    Дамир Әкежанов 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "халықаралық құқық", 2008 жылы "қаржы" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2002 жылы сыртқы экономикалық байланыстар саласында бастаған. Әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдарында, соның ішінде кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестиция мәселесіне жетекшілік ететін департаменттер мен басқармаларда, сондай-ақ аудан әкімдерінің аппараттарында жұмыс істеген. Басшылық қызметтер атқарып, Жетісу ауданы әкімінің орынбасары болған.

    Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.

    Алматының Түрксіб ауданына жаңа әкім тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.