jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Серік Сәпиев пен оның орынбасары лауазымдарынан босатылды

    Серік Сәпиев және Дәурен Есімханов
    Серік Сәпиев және Дәурен Есімханов. Фото: instagram.com/serik_sapiyev, instagram.com/daurenesimkhanov

    Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметтерінен босатылды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болып, Сәпиевтің дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.

    Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.

    Кейінірек әлеуметтік желіде Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жанжалдың видеосы тарады.

    Оқиғаға қатысты Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов пікір білдіріп, Серік Сәпиевпен сөйлескенін, ешкім ешкімді ұрмағанын және жанжалдың неден туындауы мүмкін екенін айтты.

    Кейін Серік Сәпиевтің өзі де мәлімдеме жасап, жанжалдың себебін айтты.

    Бұдан бөлек, Дәурен Есімханов та екеуара болған жанжалға қатысты пікір білдірді.

    Қарағанды облысының спорт басқармасында тексеру басталды.

    Серік Сәпиев пен оның орынбасары лауазымдарынан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.