Жаңа Конституция жобасына теңгеге қатысты тармақ енгізілді
Опубликовано:
Читать на русском
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының кезекті отырысында жаңа Конституция жобасына теңгеге қатысты тармақ енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Өткен отырыста әріптестер бірқатар өте маңызды түзету ұсынды. Осыған байланысты Конституция жобасының нормалары қайта қаралып, нақтыланып жатыр. Мысалы, теңгені Конституцияда ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды.
Осыған байланысты 2-бап 6-тармақпен толықтырылды. Онда Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге екені көрсетілген.
Осы баптың 6-тармағы мазмұны сақталған 7-тармаққа өзгертілді, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны өзгермейді", - деп атап өтті Бақыт Нұрмұхан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2340741-zhanga-konstitutsiia-zhobasyna-tenggege-qatysty-tarmaq-engizildi/