Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Опубликовано:
Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2340891-toqaev-qazaqstan-ukimetining-kengeitilgen-otyrysyn-otkizedi/