jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Жемқорлар өзгелердің мүлкін тартып алған": Перуашев активтерді қайтару мәселесін көтерді

    Азат Перуашев
    Азат Перуашев. Фото: parlam.kz

    Конституциялық комиссияның отырысында депутат Азат Перуашев Қазақстандағы тартып алынған бизнестер мен ұрланған капитал мәселесін көтерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Заңсыз алынған капиталды қайтаруға қатысты: егер бұл қаражатты мемлекеттен жемқорлар ұрлаған болса, онда, әрине, ол мемлекетке қайтарылуы керек.

    Дегенмен жемқорлар өзге азаматтар мен жеке кәсіпорындардың мүлкін тартып алғанда не істеу керек? Әрине мемлекет мұндай активтерді де қайтаруды талап етуі керек. Алайда мұндай қаражат тікелей бұрынғы иелеріне қайтарылуы керек пе? Әлде мемлекет оларды қайтаруға жұмсалған күш-жігер мен қаражаттың негізінде белгілі бір құқықтарға ие болуы мүмкін бе?" - деді Азат Перуашев өз сөзінде.

    Оның пікірінше, жаңа Конституцияда меншік нысандарын кеңірек анықтау мүмкіндігін қарастыру және бұл мәселені конституциялық заңдар мен кодекстерде егжей-тегжейлі қарастыру орынды болмақ.

    "Жаңа Конституция жобасының 8-бабы 1-тармағын мынадай етіп өзгерту ұсынылады: Қазақстан Республикасында меншіктің барлық түрі құпталады, олардың барлығына кепілдік беріледі және олар тең дәрежеде қорғалады. Осылайша тек мемлекеттік және жеке меншікті ғана емес, сонымен қатар меншіктің барлық басқа мүмкін түрлерін де қолдау мен қорғау көзделеді", - деді Перуашев.

    "Жемқорлар өзгелердің мүлкін тартып алған": Перуашев активтерді қайтару мәселесін көтерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.