"Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек": Тоқаев су тасқыны мен құрғақшылыққа қазірден дайындалуды тапсырды
Опубликовано:
Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы биыл кейбір аймақта су тасқыны және құрғақшылық болуы мүмкін екенін айтып, қазірден нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюды тапсырды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Құзырлы мекемелер биыл кейбір аймақта алдымен су тасқыны, содан соң құрғақшылық болатынын айтуда.
Үкімет қазірдің өзінде нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеп қоюы керек. Тағы да айтарым, табиғи апаттарды болжау үшін цифрлық тәсілдерді пайдаланбасақ, жұмыстың бәрі босқа кетеді.
Бізде қажетті технологияның бәрін пайдалануға мүмкіндік бар. Тек соның барлығы қаншалықты жауапты әрі жүйелі түрде қолданылады деген сұрақ туады. Мәселе – сонда. Егіс алқаптары мен инфрақұрылымды қорғауға қажетті шаралар алдын ала қабылдануы қажет.
Әр жолы мәселе пайда болған кезде ғана жанталаспай, қиындықтың алдын алған жөн. Бұрынғы қателіктерге жол бермеу керек", - деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, үкімет әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы шараларды сапалы жүзеге асыруға тиіс.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2341785-buryngy-qatelikterge-zhol-bermeu-kerek-toqaev-su-tasqyny-men-qurgaqshylyqqa-qazirden-daiyndaludy-tapsyrdy/