"Түбі жақсылыққа апармайды": Тоқаев ұлттық компаниялардың кейбір қызметкерлерін қатаң сынға алды
Опубликовано:
Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялардың кейбір қызметкерлерін қатаң сынға алды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жиында сөз сөйлеген мемлекет басшысы "Бәйтерек" инвестициялық холдинг ретінде қайта құрылғанын еске салды.
Президенттің айтуынша, мұндай қадамның нақты себебі болды. Холдинг нарықтық экономикаға серпін беруде, бірақ бұл қадам жеке бастамаларды шектемеуге тиіс.
"Самұрық-Қазына" қорына да дәл осындай талап қойылады. "Самұрық-Қазына" қоры және ұлттық компаниялардың басшыларымен қатаң әңгіме болды.
Компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек. Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей "сол жағалаудың" адамдарына толып қалған.
Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2341830-tubi-zhaqsylyqqa-aparmaidy-toqaev-ulttyq-kompaniialardyng-kei-qyzmetkerlerin-qatang-synga-aldy/