jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Жаңа Конституция бойынша референдум қай күні өтетіні белгілі болды

    Бюллетень
    Бюллетень. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Президент жарлықта мыналарды қаулы етті:

    1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізуді.
    2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығару.
    3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасын 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялау.
    4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзуді Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктеу.
    5. Қазақстан үкіметінің Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдауы.

    Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңа Конституция бойынша референдум қай күні өтетіні белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.