Қазақстанда жаңа ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан үкіметі қаулысына сәйкес, Таласбек Ахмединұлы Қанафин Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Үкімет сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Таласбек Қанафин 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласында "Астықжан-Қарағанды" ЖШС-нің жүйелік әкімшісі болып бастаған.
2009 жылдан 2016 жылға дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ құрылымында бас маманнан бастап жетекші инженер, жоба жетекшісіне дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2017–2019 жылдары — Қазақстан Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы, бас директорының орынбасары.
2019–2024 жылдары — Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің құрылымында Әкімшілік жұмыс және бақылау департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушыдан бастап Цифрландыру департаменті директорының орынбасарына дейінгі әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаментінің директоры қызметін атқарды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2342425-qazaqstanda-zhanga-auyl-sharuashylygy-vitse-ministri-tagaiyndaldy/