jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке деп жарияланады

    ҚР Конституциясы
    ҚР Конституциясы. Иллюстрациялық фото: t.me/consot_kz

    Жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке саналады. Бұл туралы Жаңа Конституцияның қорытынды жобасында айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Аталған ереже Жаңа Конституция жобасының "Қорытынды және өтпелі ережелер" деп аталатын XI бөлімінде жазылған.

    "Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді, бұған дейін қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының қолданысы сол мезгілден бастап тоқтатылады.

    Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады", - делінген 94 бапта.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін республикалық референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Оның мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

    Жаңа Конституцияны қабылдау үшін жалпыхалықтық референдум 15 наурызда өтеді.

    Жаңа Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке деп жарияланады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.