jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңа Конституция қабылданған жағдайда қазіргі мәслихат депутаттары өз өкілеттіктерін сақтап қалады

    шенеунік
    Шенеунік. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстанда Жаңа Конституцияның қорытынды жобасы жарияланды. Оған сәйкес, егер жаңа Конституция қабылданса, қазіргі мәслихат депутаттары өз өкілеттіктерін сақтап қалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сайланған (тағайындалған) Жоғарғы соттың, жергілікті және басқа да соттың судьялары, мәслихат депутаттары, өзге де лауазымды адамдар өз өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген негіздер бойынша өкілеттігі тоқтатылғанға дейін сақтайды", - делінген 95-баптың 6-тармағында.

    Бұл ретте, қазіргі парламент 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жұмыс істейді.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін республикалық референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Оның мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

    Жаңа Конституцияны қабылдау үшін жалпыхалықтық референдум 15 наурызда өтеді.

    Жаңа Конституция қабылданған жағдайда қазіргі мәслихат депутаттары өз өкілеттіктерін сақтап қалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.