jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Құрылтай, вице-президент, Халық кеңесі: жаңа Конституция бойынша қандай саяси институттар енгізіледі

    Парламент палаталарының бірлескен отырысы
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы. Фото: Ақорда

    Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Оған Құрылтай, Халық кеңесі және вице-президент сынды саяси институттар енгізілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    52-бапқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы.

    Құрылтайдың өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және жаңадан шақырылған Құрылтайдың бірінші сессиясының жұмысы басталған кезде аяқталады.

    "Құрылтайдың өкілеттігі Конституцияда көзделген жағдайда және белгіленген тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

    Құрылтайдың ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңда айқындалады", - делінген жобада.

    Құрылтай біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорциялы өкілдік жүйе негізінде конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 145 депутаттан тұрады.

    Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Жобаның жаңашылдықтарының бірі вице-президент институтын және жалпыхалықтық диалогқа арналған жаңа платформа – Қазақстан Халық Кеңесін құры болып отыр.

    70-бапқа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган.

    Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан Республикасының азаматтарынан құралады. Қазақстан Халық Кеңесін құру, оның құрамын қалыптастыру тәртібі, өкілеттігі және қызметінің ұйымдастырылуы конституциялық заңда айқындалады.

    71-бап бойынша Қазақстан Халық Кеңесі:

    • мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
    • Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;
    • жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
    • конституциялық заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Ал вице-президент туралы 49-бапта айтылған. Қазақстан Республикасының вице-президентін депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен берілген Қазақстан Республикасы Құрылтайының келісімімен Қазақстан Республикасының президенті тағайындайды.

    Вице-президенттің өз өкілеттігі кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін лауазымды атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқығы жоқ.

    Вице-президент Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік етеді, сондай-ақ президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Құрылтай, вице-президент, Халық кеңесі: жаңа Конституция бойынша қандай саяси институттар енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.