jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңа Конституцияны қабылдау: республикалық референдум қалай өтеді

    бюллетеньдер
    Бюллетеньдер. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында Жаңа Конституцияны қабылдау үшін 15 наурызда өтетін республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кестеге сәйкес, 12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00:00-ге дейін үгіт жүргізу.

    21 ақпан – аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамдарын, референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау.

    22 ақпан – референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізімдерді ұсыну.

    27 ақпан-4 наурыз – азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету.

    12-14 наурыз – бюллетеньдерді жеткізу.

    14 наурыз – тыныштық күні.

    15 наурыз – дауыс беру күні.

    Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

    Референдум нәтижелері туралы ОСК-ның ресми хабарламасы дауыс беру аяқталғаннан кейін 7 күннен кешіктірілмей жарияланады.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін республикалық референдумға шығарылатын Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Оның мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

    Жаңа Конституцияны қабылдау үшін жалпыхалықтық референдум 15 наурызда өтеді.

    Жаңа Конституцияны қабылдау: республикалық референдум қалай өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.