Қазақстандағы референдумға үкімет резервінен шамамен қанша теңге жұмсалатыны белгілі болды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан Орталық референдум комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша референдум өткізуге үкімет резервінен 20 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Орталық референдум комиссиясының отырысында жаңа Конституция бойынша референдум өткізуге кететін шығындар мәселесі көтерілді.
"Референдумға кететін алдын ала шығын 20,8 миллиард теңгені құрады. Бұл қаражат 2026 жылғы республикалық бюджетке кірмейтінін, сондықтан қаражат үкімет резервінен бөлінетінін атап өткім келеді", - деді ОРК мүшесі Михаил Бортник.
Ол бұл соманың 75 пайызы учаскелік комиссия мүшелерінің жұмысына төленетінін алға тартты.
"Нақтыланған сома үкімет шешімінен соң анықталады", - деді спикер.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.
Ал Орталық сайлау комиссиясының отырысында Жаңа Конституцияны қабылдау үшін 15 наурызда өтетін республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2342903-qazaqstandagy-referendumga-ukimet-rezervinen-qansha-qarazhat-zhumsalatyny-belgili-boldy/