jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Отандық сарапшы Конституциялық реформаның ең басты ерекшеліктерін атады

    Байтерек
    Фото: Nur.kz / Максим Золотухин

    Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы Есберген Алауханов Қазақстанда қолға алынған конституциялық реформа жөнінде сөз қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Есберген Алаухановтың айтуынша, бұл өзгерістер қоғамның сұранысына жауап беріп қана қоймай, мемлекетті басқарудың тиімді, әділетті әрі ашық моделін қалыптастыруды көздейді.

    Сарапшы Конституциялық реформаның ең басты ерекшелігі – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейту екенін тілге тиек етті. Бұл бұрынғы орталықтанған басқару жүйесінен біртіндеп бас тартып, парламент пен жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыруға басымдық беретінін, саяси жауапкершілікті бөлісу, шешім қабылдау үдерісіне халықтың қатысуын кеңейтуді көздейтінін жеткізді.

    "Конституциялық реформаның қоғам үшін берер пайдасы орасан. Ең алдымен, бұл – адам құқықтарының қорғалуы. Конституцияда адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде нақты айқындалды. Мемлекеттің барлық институттары осы қағидатқа қызмет етуге тиіс екені бекітілді", - деді сарапшы.

    Сонымен қатар Есберген Алауханов реформалар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға жол ашатынын, яғни мәслихаттардың өкілеттігі кеңейіп, жергілікті деңгейде қабылданатын шешімдердің маңызы артатынын айтады. Бұл – өңірлердің дербестігін күшейтіп, халықтың жергілікті басқару ісіне араласуына мүмкіндік бермек.

    "Конституциялық реформа мемлекеттік басқару жүйесінде жауапкершілік пен есептілікті арттыруға бағытталған. Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі күшейіп, атқарушы биліктің жұмысы қоғамдық бақылауға көбірек тәуелді бола түсті. Бұл – бюрократияны азайтып, шешімдердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Конституциялық реформаның тағы бір маңызды қыры – қоғамдық сенімді нығайту. Азаматтар мемлекет қабылдайтын шешімдерге бейжай қарамай, саяси үдерістерге белсенді қатыса бастайды. Бұл өз кезегінде жауапты азаматтық ұстаным мен жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады", - деді ол.

    Сарапшының айтуынша, реформа халықтың мемлекетке деген сенімін арттырып қана қоймай, билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға даңғыл жол ашады.

    "Шын мәнінде, мұндай іргелі реформалар – бір күндік немесе бір науқандық шара емес, елдің болашағына бағытталған стратегиялық таңдау. Ол Қазақ елінің демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретіндегі дамуына берік негіз қалайды. Реформаның түпкі мақсаты – әрбір азаматтың құқығы қорғалған, билік халыққа қызмет ететін, әділетті де өркениетті қоғам құру", - деп сөзін түйіндеді ол.

    Отандық сарапшы Конституциялық реформаның ең басты ерекшеліктерін атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.