jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды. Фото: AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Бүгін Түркістан облысында "Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" өңірлік коалициясы құрылды. Бұл конституциялық реформаларды қолдау және халыққа кеңінен түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі, деп хабарлайды AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

    Өңірлік коалиция құрамына 5 саяси партияның облыстық филиалдары, беделді қоғам қайраткерлері, тәжірибелі заңгерлер, мәслихат депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сарапшылар енді. Құрамға енген 457 адам барлық аудан, қалаларда, халықтың барлық санатымен 1959 кездесу өткізіп, конституциялық реформалар аясындағы жаңа құқықтық нормаларды түсіндіретін болады.

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды. Фото: AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Облыста 1 миллион 195 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Алдағы референдумды қолдау және үйлестіру мақсатында партия филиалдары жанынан 18 өңірлік коалиция құрылған. Құрамына AMANAT, Ауыл, Ақ жол, Қазақстан Халықтық партиясы және Respublica партияларының өкілдері енді.

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды. Фото: AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Жиынды ашқан AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Алтынсары Үмбетәлиев Жалпыұлттық коалицияның құрылуы қоғамды ортақ мақсат жолында топтастырудың айқын көрінісі екенін жеткізді.

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды. Фото: AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    "Жаңа Конституция елдің тұрақты дамуына серпін беретін стратегиялық құжат. Онда азаматтардың құқықтарын қорғау, әділдік қағидаттарын орнықтыру және мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру көзделген. Біздің міндет – осы өзгерістердің мәнін халыққа нақты әрі түсінікті жеткізу", – деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды. Фото: AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    "Елордада еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері Жалпыұлттық коалиция аясында біріккені – қоғамның жаңа Конституцияға деген жауапкершілігін көрсетеді. Бұл құжат тек құқықтық реформа ғана емес, ол мемлекет дамуының жаңа сапалық кезеңіне өтуге бағытталған. Заң үстемдігі, әділдік және азаматтардың құқықтарын қорғау оның негізгі тіректері", – деп атап өтті AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева.

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды. Фото: AMANAT партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция төрағасының орынбасары, Конституциялық реформа жөніндегі кеңес мүшесі Нұралы Әбішов жаңа Конституция жобасының ұсынылуы елдің саяси және құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындап бергенін, бұл тарихи шешім екені жеткізді.

    "Алдағы негізгі жұмыс реформалардың мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіру. Әр азамат оның маңызын терең ұғынуға тиіс", – дейді Әбішов.

    Одан соң, штаб мүшелері Қазақстан Халықтық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Искак Ахметов, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің профессоры Сәбит Баймахамбетов бұл реформалар ұзақ жылдар бойы пісіп-жетілген қоғамдық сұраныстың нәтижесі, бәсекеге қабілетті, заманауи мемлекет құрудың негізі екеніне тоқталды.

    Өңірлік коалицияның құрылуы конституциялық реформаларды кеңінен насихаттау мен түсіндірудің тиімді тетігі. Алдағы кезеңде коалиция мүшелері халықпен ашық диалог жүргізіп, жаңа құқықтық нормалардың мәні мен мазмұнын жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

    Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.