jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бәйтерек" холдингінің басшысы Тоқаевтың ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты сынына пікір білдірді

    шенеунік
    Шенеунік. Көрнекі фото: Thomas Trutschel/Photothek via Getty Images

    Үкіметтегі брифингте "Бәйтерек" холдингінің басшысы Рустам Қарағойшин қызметкерлердің қаншалықты жиі кофе ішетіні және желіде әркіммен пікір таластыратыны туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Рустам Қарағойшин өзінен де, холдинг қызметкерлерінен де мұндай нәрсені байқамағанын мәлімдеді.

    ""Бәйтерек" қызметкерлері әрдайым жұмыс үстінде, кейде тіпті артық жұмыс істейді деп нақты айта аламын. Мен қызметкерлеріміздің бір жерде кофе ішіп немесе әңгімелесіп отырғанын көрмегенмін.

    Өзім әрдайым кеңседемін, тіпті (серіктестерді - редактордың ескертпесі) қабылдаған кезде. Немесе холдингте соған арналған орындар бар – сол жерде қабылдаймыз. Сондықтан мен мұндай ештеңені байқамадым" - дейді ол.

    Оның айтуынша, холдингтің былтырғы нәтижесі жұмыс тиімділігін көрсетеді.

    "2023 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық өсті", - деді ол.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық компаниялардың кейбір қызметкерлерін қатаң сынға алғанын хабарлағанбыз.

    Президент ұлттық компаниялардың құрылымын түбегейлі қайта қарап, жаңа заманға бейімдеу керек екенін айтқан.

    "Қосшыдан басшы көп. Басшылық құрамы ел айтып жүргендей "сол жағалаудың" адамдарына толып қалған.

    Олардың жұмысқа көміліп жатқан ештеңесі жоқ. Кейде не істерін білмей, әлеуметтік желілерде әркіммен пікір таластырып отырады. Бұл түбі жақсылыққа апармайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    "Бәйтерек" холдингінің басшысы Тоқаевтың ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне қатысты сынына пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.