Тоқаев Вашингтонға барды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар аясында мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді.
Еске салсақ, Қазақстан президентінің жұмыс сапары екі күнге, 18 және 19 ақпанға дейін созылады. Қазақстан басшысы Америка Құрама Штаттарына Дональд Трамптың шақыруымен барды.
Айта кетсек, 22 қаңтарда Давоста Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою рәсімі өтті. АҚШ президенті Дональд Трамп іс-шарада сөз сөйлеп, бірқатар мәлімдеме жасады.
Сол күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2345239-toqaev-vashingtonga-bardy-video/