jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев жергілікті билік өкілдеріне қыруар қаржыны оңды-солды шашуды доғару қажет екенін айтты

    мәслихат депутаттарының форумы
    Мәслихат депутаттарының форумы. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Астанада мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында жергілікті әкімдіктер мен мәслихат депутаттарына бюджет қаржысын тиімді жұмсауды қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысы әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн екенін айтты. Осылайша, президенттік сөзінше, жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болады.

    "Қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажет.

    Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет.

    Жергілікті билік өкілдері табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс. Бюджет қабылданатын кезде "Қанша жұмыс орны ашылады, жеке инвестиция тартыла ма, бизнестің дамуына қандай жағдай жасалады, қанша салық төленеді?" деген сауалдарға нақты жауап берілуі керек. Күрішті күрмектен ажырата білу қажет. Бұл – барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихаттар депутаттары, ең алдымен, мемлекет мүддесіне қызмет ететін бір ұжым, бір команда деген сөз.

    Барлық аймақтың мәслихаттары мен әкімдіктері бірлесіп, бюджеттің әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті", - деді президент.

    Тоқаев жергілікті билік өкілдеріне қыруар қаржыны оңды-солды шашуды доғару қажет екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.