jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Жаңа Конституция жобасы сіздерге арналған": Тоқаев еліміздің жастарына үндеу жасады

    Мәслихат депутаттарының республикалық форумы
    Мәслихат депутаттарының республикалық форумы. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында жас қазақстандықтарға арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды Ақорда.

    "Барша азаматқа, әсіресе, жас отандастарымызға қарата арнайы үндеу жасағым келеді.

    Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, Сіздерге арналған.

    Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екеніңізді білдіретін орайлы мүмкіндік берілді. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңға үлес қосқан азаматтар ретінде ел тарихына өз есімдеріңізді жазып қалдыра аласыздар.

    Біраз уақыт өткен соң, өмір көріп, есейген шағыңызда: "Мен азаматтық парызымды орындадым. Елімнің жаңа Ата заңын қабылдауға өз үлесімді қостым" деп мақтанышпен айтуға толық құқыңыз бар.

    Қымбатты отандастар! Сіздердің таңдауларыңыз – бюллетень қағазындағы жай ғана белгі емес. Ол – жаңа Халық Конституциясы жобасына көрсетілген нақты қолдауыңыз. Қазақстанды дамудың даңғыл жолына салуға жастар атсалысады.

    Күні ертең ынтымақ-бірлігі жарасқан, еңбекқор, заңға бағынатын, білім, ғылым, мәдениет және зайырлылық құндылықтары берік орныққан, жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлшегіне айналатын қоғам құру миссиясы сіздерге жүктеледі.

    Сіздің дауысыңыз нағыз жасампаз отаншылдықтың, азамат ретінде ел келешегі үшін жауапкершілік арқалаудың қандай болатынын көрсетеді", - деді мемлекет басшысы.

    "Жаңа Конституция жобасы сіздерге арналған": Тоқаев еліміздің жастарына үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.