jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Референдумда алғаш болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар дауыс берді

    Токиодағы дауыс беру учаскесі
    Токиодағы дауыс беру учаскесі. Фото: СІМ баспасөз қызметі

    Оңтүстік Корея мен Жапонияда жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша референдумға арналған алғашқы дауыс беру учаскелері ашылып, дауыс беру басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

    Министрлік мәліметінше, ең бірінші болып Сеулдегі №422 және Токиодағы №425 референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00-де ашылды.

    Алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы – "Нихон" универститетінің 3-курс студенті Жібек Айдын.

    "Қарастырылып отырған мәселе еліміздің алдағы даму бағыты үшін маңызды. Референдум өткізу ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам пікірін жан-жақты ескеруге мүмкіндік береді. Мемлекет әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай жасап отыр, ал біз үшін белсенді азаматтық ұстаным таныту – маңызды міндет", - деп атап өтті Жібек Айдын.

    Ол сондай-ақ шетелде тұратын отандастарымыз Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

    "Бұл – еліміздің болашағына қатысты жауапты шешім қабылдауға берілген ортақ мүмкіндік. Қабылданатын шешім Қазақстанның орнықты әрі серпінді дамуына оң ықпал етеді деп сенемін", - деп түйіндеді сөзін дауыс беруші.

    Сеул қаласындағы учаскеде алғашқылардың бірі болып Азия орман ынтымақтастығы ұйымының (AFoCO) қызметкері Қазақстан азаматы Ернар Сарсенбаев дауыс берді.

    Ол шетелде жүрген азаматтар үшін осындай маңызды саяси процеске қатысу мүмкіндігі жасалғанын жоғары бағалап, референдумға қатысу әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

    "Мұндай маңызды ұлттық мәселелер бойынша өз пікіріңді білдіру – әр азаматтың парызы. Референдум еліміздің дамуы мен болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді", - деді ол.

    Референдумда алғаш болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтар дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.