jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Премьер-министр референдумда дауыс берді

    Олжас Бектенов
    Олжас Бектенов. Фото: t.me/KZgovernment

    Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға қатысты.

    Олжас Бектенов елордадағы Дінмұхамед Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінде орналасқан №130 сайлау учаскесінде дауыс берді.

    Еске сала кетейік, бүгін, 15 наурызда Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум өтіп жатыр.

    Бұған дейін Орталық референдум комиссиясы хабарлағандай, бюллетеньде:

    "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ болады.

    Бұл сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп қана жауап беруге болады.

    Жаңа Конституция жобасының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

    Премьер-министр референдумда дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.