jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Геннадий Головкин Таиландтағы дауыс беру учаскесіне барды

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин Таиландта дауыс беру учаскесіне келді. Фото: t.me/pressmfakz

    Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Таиландта жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

    Сырты істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин Бангкок қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы Елшілігі жанындағы № 453 референдум учаскесіне барып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді.

    Геннадий Головкин азаматтардың ел үшін маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуының маңыздылығын атап өтіп, республикалық референдумның мемлекеттің одан әрі дамуы мен нығаюындағы рөліне назар аударды.

    Геннадий Головкин Таиландтағы дауыс беру учаскесіне барды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.