jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тізімге 12 млн-нан астам азамат енгізілген: Қазақстанда қанша дауыс беру учаскесі ашылды

    Дауыс берушілер
    Астаналық дауыс берушілер. Фото: t.me/astana_newss

    Орталық сайлау комиссиясы Қазақстанда сағат 7:00-дегі жағдай бойынша дауыс беру учаскелерінің ашылуы туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың комиссиялары ұсынған деректеріне сәйкес 2026 жылғы 15 наурызда сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде барлық 10388 учаскеде дауыс беру басталды.

    92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

    Тізімге 12 461 796 азамат енгізілді. Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 17 514 есептен шығару куәлігін берді.

    Республикада 10388 дауыс беру учаскесі бар. Оның ішінде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 54 елде 71 учаске орналасқан.

    Тізімге 12 млн-нан астам азамат енгізілген: Қазақстанда қанша дауыс беру учаскесі ашылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.