"Еліміздің тарихындағы айрықша күн": Қошанов референдумда дауыс берді
Опубликовано:
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерлан Қошанов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының ғимаратында орналасқан №128 учаскеде дауыс берді.
"Көңіл күйім жақсы. Бүгін барша қазақстандықтар мерекелік көңіл күйде деп ойлаймын. Бұл өте маңызды күн, қазақстандықтар жаңа Конституцияға қатысты таңдау жасауға тиіс. 15 наурыз еліміздің тарихында айрықша күн ретінде қалатынына сенімдімін. Өз басым таңдау жасадым. Барша қазақстандықтарды сайлау учаскелеріне барып, өздерінің азаматтық борышын орындауға шақырамыні, - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Қошанов.
Естеріңізге сала кетейік, референдум бюллетенінде:
"Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ бар.
Бұл сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп қана жауап беруге болады.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.
Референдумға қатысты маңызды мәліметтерді мына сілтемеден көруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2354025-qoshanov-zhanga-konstitutsiiany-qabyldau-zhonindegi-referendumda-dauys-berdi/