Сенат төрағасы жаңа Конституция жобасы бойынша референдумда өз таңдауын жасады
Опубликовано:
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Мәулен Әшімбаев өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан дауыс беру учаскесінде жасады.
Осы орайда ол референдумның тарихи маңызына тоқталып, әрбір дауыс елдің болашақ даму бағытын айқындауда ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ бұл науқан азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретінін айтты.
Сондай-ақ азаматтарды референдумға белсенді қатысып, ел тағдырына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосуға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, референдум бюллетенінде: "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген бір ғана сұрақ бар.
Бұл сұраққа "иә" немесе "жоқ" деп қана жауап беруге болады.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.
Референдумға қатысты маңызды мәліметтерді мына сілтемеден көруге болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2354034-senat-toragasy-zhanga-konstitutsiia-zhobasy-boiynsha-referendumda-oz-tangdauyn-zhasady/