Референдум: сағат 10:00-ге дейін дауыс беруге келген қазақстандықтардың саны белгілі болды
Опубликовано:
Орталық референдум комиссиясы жаңа Конституция жобасы жөніндегі референдумға сағат 10:00-дегі жағдайы бойынша дауыс беруге келушілер саны туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Орталық референдум комиссиясының хабарлауынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың:
1. Абай облысы бойынша – 17,98 пайызы
2. Ақмола облысы бойынша - 19,82 пайызы
3. Ақтөбе облысы бойынша – 21,80 пайызы
4. Алматы облысы бойынша – 18,10 пайызы
5. Атырау облысы бойынша –19,44 пайызы
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 18,80 пайызы
7. Жамбыл облысы бойынша – 18,49 пайызы
8. Жетісу облысы бойынша – 21,01 пайызы
9. Қарағанды облысы бойынша - 26,64 пайызы
10. Қостанай облысы бойынша –19,24 пайызы
12. Маңғыстау облысы бойынша – 18,53 пайызы
12. Маңғыстау облысы бойынша – 18,53 пайызы
13. Павлодар облысы бойынша – 16,36 пайызы
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 18,72 пайызы
15. Түркістан облысы бойынша – 21,21 пайызы
16. Ұлытау облысы бойынша – 20,31 пайызы
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 20,64 пайызы
18. Астана қаласы бойынша – 20,68 пайызы
19. Алматы қаласы бойынша – 9,54 пайызы
20. Шымкент қаласы бойынша – 21,36 пайызы келді.
Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21 пайызы.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 12.00-де жарияланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2354067-referendum-sagat-10-00-ge-deiin-dauys-beruge-kelgen-qazaqstandyqtardyng-sany-belgili-boldy/