Алматы әкімі референдумда дауыс берді (фото)
Опубликовано:
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа Конституция жобасы бойынша өткізілген республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мегаполис басшысы Алматы қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде таңдау жасады.
Қалада дауыс беру таңғы 7:00-ден басталды, барлығы 653 референдум учаскесі ашылды. Олар белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Заңнама талаптарына сай өтіп жатқан дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Учаскелер жұмысы аяқталғаннан кейін референдум қорытындыланады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2354097-almaty-akimi-referendumda-dauys-berdi-foto/