jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Республикалық референдум: 6 млн-нан астам адам дауыс берді

    Дауыс беру жәшігі
    Дауыс беру жәшігі. Фото: NUR.KZ

    Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда сағат 14:00-ге дейін дауыс берген азаматтардың саны белгілі болды, деп хабарлайды Орталық референдум комиссиясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алған. Ол тізімге енгізілген азаматтардың – 51,93 пайызы.

    "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады", - делінген хабарламада.

    Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректеріне сәйкес сағат 14.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде дауыс беруге келген азаматтар саны:

    • Абай облысы – 61,04 пайыз;
    • Ақмола облысы – 60,05 пайыз;
    • Ақтөбе облысы 61,37 – пайыз;
    • Алматы облысы 56,13 – пайыз;
    • Атырау облысы 56,54 – пайыз;
    • Батыс Қазақстан облысы 49,97 – пайыз;
    • Жамбыл облысы 51,13 – пайыз;
    • Жетісу облысы 59,82 – пайыз;
    • Қарағанды облысы 57,32 – пайыз;
    • Қостанай облысы 56,51 – пайыз;
    • Қызылорда облысы 64,63 – пайыз;
    • Маңғыстау облысы 53,14 – пайыз;
    • Павлодар облысы 53,31 – пайыз;
    • Солтүстік Қазақстан облысы 52,37 – пайыз;
    • Түркістан облысы 58,03 – пайыз;
    • Ұлытау облысы 52,06 – пайыз;
    • Шығыс Қазақстан облысы 59,60 – пайыз;
    • Астана қаласы 40,68 – пайыз;
    • Алматы қаласы 21,68 – пайыз;
    • Шымкент қаласы 58,24 – пайыз;

    Азаматтардың дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат 16.00-де жарияланады.

    Республикалық референдум: 6 млн-нан астам адам дауыс берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.