jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Тоқаевқа таңдау жасадым": Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікір білдірді

    Нұрсұлтан Назарбаев
    Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: nazarbayev.kz

    Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бергеннен кейін елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы тұңғыш президенттің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тұңғыш президент мемлекет басшысы өкілеттігінен осыдан жеті жыл бұрын өз еркімен кеткенін еске салды.

    Оның айтуынша, бұл шешім елдің тұрақты дамуы мен билік сабақтастығы жалғасуы үшін қабылданған.

    "Уақыт тоқтамайды. Буын алмасады. Әр буын Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесін қосуы тиіс. Біздің заман өкілдері тәуелсіздікті жариялап, шекараны белгілеп, елорданы тұрғызу арқылы өз міндетін орындады деп есептеймін.

    Қазір Қазақстанды одан әрі нығайтып, оның беделін көтеру қажет. Бұл бағытта аз жұмыс істеліп жатқан жоқ, соның ішінде мен қолдап отырған бүгінгі референдумның да маңызы зор.

    Өз уақытында мен Қасым-Жомарт Тоқаевқа таңдау жасадым және бұл таңдауым ешқашан өзгермейді. Осы Конституция Қазақстанымыздың игілігіне, халқымыздың берекесіне қызмет етсін деп тілеймін", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті Астанадағы учаскеде дауыс бергенін жазған едік.

    "Тоқаевқа таңдау жасадым": Назарбаев елде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.