jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қазақстандықтарға үндеу жасады

    Fake news деп жазылып тұрған кубиктер
    Fake news жазуы. Көрнекі фото: pexels.com

    Референдум өткізілетін күні ақпараттық кеңістікте түрлі фейктер, манипуляциялар, арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін. Осыған байланысты Орталық Коммуникация қызметінің Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы маңызды мәлімдеме жасады.

    Таратылған ақпаратқа сүйенсек, мұндай ақпараттық шабуылдар көптеген елдерде сайлау және дауыс беру кезінде жиі тіркеледі.

    "Олардың мақсаты — дауыс беру процесіне деген сенімсіздікті ояту және болып жатқан оқиғалар туралы теріс түсінік қалыптастыру", - делінген ОКҚ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының хабарламасында.

    Ең жиі кездесетін жалған мәліметтер мыналар туралы болуы мүмкін: жекелеген учаскелердің "жабылуы" немесе "ашылмауы"; сиясы өшіп қалатын қаламдар қолданылды, "бақылаушылардың жіберілмеуі" немесе "журналистердің шығарылуы"; "бюллетеньдердің жаппай тасталуы"; "азаматтарды дауыс беруге мәжбүрлеу" немесе "сайлаушыларды ұйымдасқан түрде тасымалдау"; "бюллетень толы қаптар", "алдын ала толтырылған жәшіктер" немесе "бос учаскелер"; "интернеттің бұғатталуы" немесе "электр қуатының өшірілуі".

    Бұдан бөлек, әлемдік тәжірибеде кездесетін мынадай ақпараттық арандатулардың болуы ықтимал:

    • мемлекеттік органдардың атынан жасалған жалған скриншоттарды, құжаттарды, кестелер мен хабарламаларды тарату;
    • арандатушылық сауалнамалар, жалған экзит-полдар және учаскелердегі "төтенше жағдайлар" туралы хабарламалар;
    • "Заң бұзушылық дәлелі" ретінде көрсету үшін учаске қызметкерлерімен әдейі ұйымдастырылған қақтығыстар. Мысалы, "дауыс берушілер тізіміне енгізбеу" секілді жағдайлар;
    • мессенджерлердегі эмоционалды хабарламалардың жаппай таратылуы, әлеуметтік желілердегі боттар мен пікір жазу толқындары.

    "Мұндай материалдарда көбінесе ескі бейнероликтер мен фотосуреттер, басқа елдердегі оқиғалар, түсірілген уақыты мен орны белгісіз үзінділер және анонимді аккаунттардың жазбалары пайдаланылады",- делінген ақпаратта.

    Қазіргі технологиялар монтаж немесе өте "шынайы" көрінетін жасанды сурет, аудио және видео контент жасау мүмкіндігі де бар екенін есте сақтаңыз.

    "Расталмаған ақпаратты таратпаңыз! Тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніңіз. Күмән тудыратын материалдарды байқасаңыз, Орталықтың чат-ботына (@AntiFakeCenterBot) жолдауыңызды сұраймыз. Сіздің қырағылығыңыз дауыс беру күні тыныш әрі сенімді жағдайды сақтауға көмектеседі".

    Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы қазақстандықтарға үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.