jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандағы референдум аяқталды: азаматтардың келуінің алдын ала қорытындысы жарияланды

    Референдум
    Референдум. Фото: NUR.KZ / Юлия Абрамова

    Жаңа Конституция бойынша референдумға қазақстандықтардың келуінің алдын ала қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Орталық референдум комиссиясы Қазақстандағы барлық референдум учаскесінде дауыс беру аяқталғанын хабарлады. Учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті. Қолданыстағы заңдар нормаларына сәйкес референдум учаскелерiнде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, он екі сағаттан аспауға тиiс.

    Аумақтық комиссиялар Орталық референдум комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.

    Орталық референдум комиссиясы мәліметіне сәйкес, сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келу көрсеткіші мынадай:

    • Абай облысы 75,45 %
    • Ақмола облысы 79,82 %
    • Ақтөбе облысы 87,05 %
    • Алматы облысы 71,46 %
    • Атырау облысы 74,04 %
    • Батыс Қазақстан облысы 68,94 %
    • Жамбыл облысы 85,06 %
    • Жетісу облысы 78,49 %
    • Қарағанды облысы 84,30 %
    • Қостанай облысы 81,21 %
    • Қызылорда облысы 93,04 %
    • Маңғыстау облысы 77,89 %
    • Павлодар облысы 75,51 %
    • Солтүстік Қазақстан облысы 70,52 %
    • Түркістан облысы 84,03 %
    • Ұлытау облысы 73,15 %
    • Шығыс Қазақстан облысы 86,42 %
    • Астана қаласы 60,36 %
    • Алматы қаласы 33,43 %
    • Шымкент қаласы 75,82 %
    Сағат 20.00-ге азаматтардың келуінің алдын ала қорытындысы
    Сағат 20.00-ге азаматтардың келуінің алдын ала қорытындысы. Инфографика: ОСК

    "Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 126 850 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 73,24 пайызын құрады.

    Референдумның алдын ала қорытындылары арнайы хабарланатын болады. Оның уақыты қосымша хабарланады", - делінген ресми хабарламада.

    Деректер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған мәлімет негізінде ұсынылып отыр.

    Қазақстандағы референдум аяқталды: азаматтардың келуінің алдын ала қорытындысы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.