Қазақстандағы референдум: үш экзитполл нәтижелері қандай
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстанда жаңа Конституция бойынша референдумның экзитполл нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
AMANAT партиясы Қоғамдық саясат институтының мәліметі бойынша, сайлаушылардың 88,6 пайызы жаңа Конституцияға дауыс берді. Дауыс беруге келушілер саны 72,1 пайызды құрады.
Ал "СОЦИС-А" кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жариялаған нәтижелерге сәйкес, респонденттердің 87,4 пайызы жаңа Конституцияның қабылдануын қолдап, дауыс берген.
Бұл институт зерттеулеріне сәйкес, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың қатысуы 73,8 пайызды құрады, ал деректердің қате болу шегі — 1,5 пайыз деп белгіленді.
Сондай-ақ "Хабар" агенттігі тапсырысы бойынша жасалған Еуразиялық интеграция институты жүргізген экзитполлға сәйкес, республикалық референдумға қатысушылардың 86,7 пайызы жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістерді қолдаған.
Экзитполл – бұл әлемдік әлеуметтану тәжірибесінде азаматтардан сауалнама алу үшін қолданылатын процедура, оны әлеуметтік қызметтер дауыс бергеннен кейін сайлау учаскелерінен шыққан кезде жүргізеді.
Айта кетсек, бұл деректер ресми нәтиже болып саналмайды. Референдумның нақты нәтижелері дауыстарды санау аяқталғаннан кейін белгілі болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2354439-qazaqstandagy-referendum-ush-ekzit-poll-natizheleri-qandai/