Тоқаев парламент сайлауы қашан өтетінін хабарлады
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазмедиа" орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президент 15 наурыз тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді.
"Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын", - деді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар президент жаңа Конституция, ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды. Ата заңға волонтерлік қызмет, ғылым, инновация, жасанды интеллект сияқты ұғымдар енгізілгеніне тоқталды.
"Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтті.
Exit poll нәтижелері бойынша халықтың 86 пайызы жаңа Конституцияны қолдаған.
Дауыс беруге келушілер саны – 73,24 пайыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2354541-toqaev-parlament-sailauy-qashan-otetinin-habarlady/