jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Назарбаев Путинге өз атынан орден табыстады (фото)

    : UGC

    Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті деп хабарлайды Тұңғыш президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған

    KAZ.NUR.KZ.

    Назарбаев Путинге орден табыстады (фото)
    Фото: Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі: UGC

    Ресей Федерациясының басшысымен кездескен Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі нәтижелері мен әрі қарайғы даму перспективаларын атап өтті.

    Кездесу барысында Елбасы Владимир Путинге «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін табыстады.

    Назарбаев Путинге орден табыстады (фото)
    Фото: Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі: UGC
    "Бес жыл бұрын, Сіз және Александр Лукашенко үшеуміз осы одақты құрдық. Біз жүзеге асырған бұл идея менің тарапымнан 25 жыл бұрын ММУ қабырғасында ұсынылған болатын. Қиын уақыттарға қарамастан, арамыздағы өзара сауда өсіп келеді. Бірлескен кәсіпорындардың саны артуда.  Еуразиялық экономикалық одақ ЕО, ШЫҰ, АСЕАН және басқа да ұйымдармен интеграция жолымен жүруі тиіс деп есептеймін. Бізге осы жөнінде жұмыс істеу керек", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    Назарбаев Путинге орден табыстады (фото)
    Фото: Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі: UGC

    Владимир Путин марапат үшін Елбасына алғыс айтты және жан-жақты диалогтың әрі қарай нығая беретініне сенім білдірді.

    Назарбаев Путинге орден табыстады (фото)
    Фото: Тұңғыш президенттің баспасөз қызметі: UGC
    "Марапатыңыз үшін және интеграция ісінде, екі жақты қарым-қатынастарда, Ресей мен Қазақстанның өзара стратегиялық іс-қимылын дамытуда атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтқым келеді. Бұл ретте Сіздің зор еңбегіңіз бар, – деді Владимир Путин. 
    Назарбаев Путинге өз атынан орден табыстады (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.