jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим қашан күшіне енеді: СІМ жауап берді

    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам
    Төлқұжат ұстап тұрған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

    Бүгін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен брифингте Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режимнің шарттары туралы баяндады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының билігі арасындағы ұлттық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы 2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған келісімшарт 2024 жылғы 25 мамырда күшіне енеді", - деді Айбек Смадияров.

    Бұл келісімшарт бойынша екі елдің азаматтары мен ұлттық төлқұжат иелері үшін визалық талаптар жойылмақ.

    Осылайша азаматтар елге келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн, 6 айдың әрбір кезеңінде ел аумағында бас-аяғы 90 күнтізбелік күн бола алады.

    Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим қашан күшіне енеді: СІМ жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.