jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті

    Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті
    Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктер тарапының бастамасымен осы елдің президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

    Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қатынастарды нығайтуға баса мән берілді. Осы ретте екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы серіктестіктің қазіргі деңгейін жоғары бағалай отырып, қол жеткізілген барлық уағдаластықты тиімді жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

    Мемлекеттер басшылары саяси диалогты одан әрі кеңейтуге, сауда-саттық байланыстарды жандандыруға және экономиканың түрлі секторларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара ниетті екенін растады.

    Әңгімелесу барысында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.

    Тоқаев БАӘ президентімен телефон арқылы сөйлесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.