RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Таиландтағы жер сілкінісі: Тоқаев елдің премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бангкоктегі жер сілкінісі
Бангкоктегі жер сілкінісі. Фото: Lauren DeCicca/Getty Images

Мемлекет басшысы Таиландтың премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты.

Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін Мьянманың орталық бөлігінде магнитудасы 7,7 болатын жойқын жер сілкінісі болды, осыдан кейін тағы магнитудасы 6,4 болатын дүмпу болған.

Жер сілкінісінің әсері Таиландқа да жетті - Бангкокте үрейленген жүздеген адам көшеде жүр, көптеген ғимараттан адамдар эвакуацияланды.

Жойқын жер сілкінісі салдарынан салынып жатқан көпқабатты ғимарат құлады – оның опырылған сәті видеоға түсіп қалған.

Сонымен қатар елде жер сілкінісінің қайталану қаупі туралы ескерту жасалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2231454-tailandtagy-zher-silkinisi-toqaev-elding-premer-ministrine-kongil-aitu-zhedelhatyn-zholdady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif