Тоқаев алдағы күндері Мирзиеевтің шақыруымен Өзбекстанға барады
Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен алдағы күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады.
Самарқандта Қазақстан президенті "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді", - делінген ресми хабарламада.
Еске сала кетейік, 29 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, оны Алматы әуежайында мемлекет басшысы күтіп алды.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев бейресми кездесу өткізді.
Одан соң Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды. Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде президенттер GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2232194-toqaev-aldagy-kunderi-mirzieevting-shaqyruymen-ozbekstanga-zhumys-saparymen-barady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде