jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездесті

    Тоқаев пен Антониу Кошта
    Тоқаев пен Антониу Кошта. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Самарқандқа барды, онда Еуропа Одағы өкілдерімен бірқатар кездесу жоспарланған, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барған Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен кездесті.

    Еуропа Одағы – Қазақстанның ірі сауда серіктесі әрі шетелдік инвесторы:

    • шетелден тартылған тікелей инвестицияның 40%-дан астамы ЕО-ға тиесілі;
    • 2024 жылы Қазақстан мен Еуропа Одағына мүше елдердің тауар айналымы 50 млрд долларға жуықтады (ЕО мен ОА арасындағы сауда көлемінің 80%-ы).

    Президенттер:

    • экономиканың түрлі секторларындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды;
    • өзара сенімге, стратегиялық мүддеге және ұзақмерзімді перспективаға негізделген Қазақстан мен Еуропалық Кеңес арасындағы серіктестікті қарқынды дамытудың маңызын атады.

    Тоқаев сондай-ақ Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесу өткізеді.

    Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес президентімен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.