Тоқаев Самарқандта тағы бір маңызды тұлғамен кездесті
Жарияланған күні:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кездесу барысында экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
2024 жылы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ 935 млн долларға 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді.
Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға 2 млрд еуро инвестиция құюды жоспарлап отырғаны туралы тың мәліметтер берді. Қазақстан Президенті банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.
Айта кету керек, "Орталық Азия – Еуропа Одағы" саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына барған Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен кездесті.
Бұған дейін Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған еді.
Ал өткен аптада Шавкат Мирзиеев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын. Мәртебелі мейманды Алматы әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев өзі қарсы алды.
Қала әкімі Ерболат Досаев президенттерге Іле Алатауының асқаралы шыңдарын көрсетіп, Кіші Алматы шатқалындағы "Медеу" селден қорғау бөгетін салу тарихы жөнінде айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қала әкімінің еліміздегі ең ірі "Шымбұлақ" тау шаңғысы курорты жөніндегі есебін тыңдады.
Кейін Қазақстан және Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2232987-toqaev-samarqandta-tagy-bir-mangyzdy-tulgamen-kezdesti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде