jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Моңғолия президентін Наадам мерекесімен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев және Ухнаагийн Хурэлсухах
    Қасым-Жомарт Тоқаев және Ухнаагийн Хурэлсухах. Фото: Ақорда

    Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Құттықтау жеделхатында мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірген.

    Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізген.

    "ҚазАқпарат" ХАА-ның жазуынша, Наадам – Моңғолиядағы ең ірі әрі маңызды ұлттық мереке. Оның атауы "ойын-сауық" немесе "ойындар" деген мағына береді. Бұл мереке ежелден бері моңғол халқының тәуелсіздігі мен бірлігінің символы ретінде тойланып келеді.

    Моңғолияда биыл Наадам 10-17 шілде аралығында аталып өтеді.

    Тоқаев Моңғолия президентін Наадам мерекесімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.