Тоқаев ресми сапармен Түркияға барды (фото, видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды — оны Режеп Тайип Ердоған қарсы алды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті.
"Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ертең, яғни 29 шілдеде мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/universe/2269863-toqaev-resmi-saparmen-turkiiaga-bardy-foto-video/